«PANA» Ұлттық риелторлар палатасы: Қазақстанда кәсіби жылжымайтын мүлік нарығын қалыптастыру.
«PANA» Ұлттық риелторлар палатасы (риелторлардың өзін-өзі реттейтін ұйымы) — Қазақстан Республикасындағы жылжымайтын мүлік нарығын дамыту және реттеу үшін құрылған жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар бірлестігі.
Палатаның миссиясы — кәсібиліктің, әдептің және тұтынушылар алдындағы жауапкершіліктің жоғары стандарттары негізінде өркениетті нарық қалыптастыру.
«PANA» Ұлттық риелторлар палатасына мүшелік еріктілік қағидатына негізделеді және Мүшелік туралы ережеде айқындалған нақты қағидалар мен рәсімдерді көздейді.
Риелторлық қызметті, жылжымайтын мүлік нарығында қызмет көрсету қызметін және өзге сабақтас салалардағы қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер, сондай-ақ Қазақстан Республикасында осындай қызметті жүзеге асыратын шетелдік ұйымдар мен олардың өкілдіктері ӨРҰ мүшелері бола алады.